АТАМ ҚАЗАҚ НАҚ АЙТҚАН НЕ АЙТСАДА ХАҚ АЙТҚАН! Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7-нәрсе: 1.Еңбексіз жеген нан. 2.Некесіз болған жан. 3.Боямалы тән. 4.Нашадан бұзылған қан. 5.Темекенің түтіні. 6.Арақтың жұтымы. 7.Ақшалы ойынның ұтымы. Мұндайларға бой бермес,асыл адам тұқымы. Жан дүниенді жақсартатын 7-жәйіт бар: 1.Әкімдердің шапағаты. 2.Ғұламалардың шариғаты. 3.Байлардың салауаты. 4.Кедейлердің қанағаты. 5.Үлкендердің ұлағаты. 6.Жастардың инабаты. 7.Азаматтың ар-ұяты. Осыларды азық етеді,асыл жандар жұрағаты. Тек кетпейтін үш дұға: 1.Ата-ананың қарғыс дұғасы. 2.Мүсәпірдің налыған дұғасы. 3.Аш адамның ашынған дұғасы. Халқыда оларды жазғырар,қасында болса куәсі. Үш нәрсеге арқаңды сүйеп үйрен: 1.Өмірге арқа сүйемеген-өледі. 2.Уақытқа арқа сүйемеген-өтеді. 3.Жүрекке арқа сүйемеген-өзгереді. Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе: 1.Бір қарағанда өзіңе ұнайтын,өзің жоқта абыройыңа,малыңа сенімді-әйел. 2.Жуас,мықты,сені досыңа жеткізетін-көлік. 3.Кең,әрі қажетті нәрселерге толы-үй. Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтін үш нәрсе: 1.Өзіңе ұнамаған,сенімсіз надан әйел. 2.Жүрмейтін, жолда қалдыратын көлік. 3.Күнде-күнде ұрысатын жаман көрші. Ұмытпа: 1.Ата-ананы ұмытпа. 2.Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екендігін ұмытпа. 3.Алған қарызыңды уақытылы қайтаруды ұмытпа. Ұмыт: 5.Құдайға берген садақаңды ұмыт. 6.Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт. Сақтан: 8.Аманатқа қиянат етуден сақтан. 9.Барлық кезде тіліңнен сақтан.

Теги:

Теги других блогов: